Тарихи олжа

Халықаралық ғалымдар тобы андроновтықтар атқа мінуді тарихтан мәлім уақыттан бірнеше ғасыр бұрын меңгергенін дәлелдеп отыр. Оқымыстылардың мұндай байламға келуіне Лисаков қаласына жақын жердегі "Новоильиновский-2" қорымдар жүйесінен табылған бес қорғанды зерттеу нәтижелері себеп болған. Бұл туралы "Лисаковск онлайн" сайтында жарияланды.article89595
Бұл маңда Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологы Эмма Усманова бірнеше ондаған жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Енді оның қатарына РФ Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің Еуразиялық зерттеу ғылыми-білім беру орталығының аға қызметкері, антропология ғылымының PhD-маманы Игорь Чечушков бастаған ғалымдар қосылды. 
Шамамен, 3,5 мың жыл бұрын бұл аймақта қола дәуіріне тиесілі андронов өркениеті қанат жайған. Бұл дәуірдегі ежелгі адамдардың басқалардан айырмашылығы – жылқы шаруашылығына бейім болуы. Олар бұл жануарды тамақ ретінде ғана емес, дөңгелекті арбаға жегуге және мініске пайдаланған. Бұған "Новоильиновский-2" қорымынан табылған жылқы қаңқалары айғақ.
Ғалымдар көмілген жылқылардың жорамалды жасына баса мән берді: айғырдың жасы 20-ның маңайы, ал бие шамамен 18 жастың айналасында екені анықталды. Бұлардың жасы ауқат үшін қолда ұсталатын жануарлар үшін тым ұзақ. Жылқы қаңқаларының қасынан ежелгі жүгендердің қалдығы да табылды. Зерттеушілердің осы олжаларды айғақ ретінде ұсынып, бір ауыздан жасаған болжамдарына сүйенсек, андроновтықтар көз жұмғанда меншікті жануарлары құрбандыққа шалынып, бірге көмілетін болған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓