Бала жоғалды

Рудный қаласында 13 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Рудный полиция басқармасы қызметкерлері хабар таратты.lntg5plm18I
2006 жылдың 23 наурызында дүниеге келген Денис Вячеславович Матвеев 28 қараша күні таңғы 07:50-де мектепке кетіп, сол күйі үйге оралмаған. 
Белгілері: еуропалық келбетті, бойы 150 см, орташа денелі, шашы ақшыл сары, қысқа, көзі сұр түсті.
Сұрғылт-жасыл түсті тақия, қоңыр түсті куртка, қара шалбар, ақ күрте, қара аяқ киім киген. Өзімен бірге қара түсті рюкзагы, спорттық форма салынған пакеті болған.
Қандай да бір ақпараты бар жандардан Рудный полиция басқармасына: 3-31-27, 3-30-20, 87754359044, 87083389355, 87478068464 немесе «102» нөмірлері арқылы қоңырау шалу сұралады.
Қазір баланы іздестіруге жедел топ құрылған. Еріктілермен бірлескен топ іздеу шараларын үшінші күн жалғастырып жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓