Жедел жәрдемнің жолы кеңейеді

Келесі жылдан бастап облыстың төрт қаласында емханалар жанынан "шұғыл жәрдем" бөлімшесі ашылады. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасында өткен баспасөз мәслихатында Жедел медициналық жәрдем бекетінің емдеу бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Павел Бурда мәлім етті.20191129_111847-1024x500
Оны айтуынша, бұл бөлімшеде науқастарға emergency-дәрігерлер көмек көрсетеді. Олардың қызметі жедел жәрдем бригадасының қызметтік жүкемесінің жеңілдеуіне, сол арқылы олардың жеделдігін арттыруға септігін тигізбек. Бригада бұдан былай көбірек төтенше шақыртуларға ғана баратын болады. Анығырақ айтқанда, жаңа бөлімше бас ауруы, зақым алу, іш түйілуі секілді ауруларды емдеумен шұғылданады. 
"Егер бұған дейін пациентті дәрігер күтіп алып, іле-шала оташыны немесе кардиологты іздеп сабылған болса, енді emergency-дәрігерлер барлық қажетті көмекті уақыт жоғалтпастан және басқа маманның көмегін күтпестен өздері көрсетеді. Оларды жалпы тәжірибесі бар дәрігерлер деуге болады", – дейді П.Бурда. Без названия (1)
Мұндай мамандар науқастарды 2020 жылдың басынан қабылдай бастайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓