Н.Гейнцті еске алды
Таран ауданы орталығында дәстүрлі жеңіл атлетикалық жүгіріс болып өтті. Бұл спорттық шара Николай Гейнцті еске алуға арналды.
Көрнекті қоғам қайраткері, Таран ауданының құрметті азаматы осыдан бес жыл бұрын өмірден өткен еді. Аудандық әкімдіктің денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған көпшілік шараға марқұмның жесірі, әріптестері, достары және мектеп оқушылары қатысты.