Тегін интернет желісі ашылды
«Нұр Отан» партиясы мен пошта қызметкерлері бірлесіп, Пешков селосындағы Қазпошта байланыс бөлімшесінен Интернет желісін ашты.Бұл ауыл тұрғындары үшін ерекше қуаныш болды. Бүгінде вай-фай үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, ауылдық жерлерде оның қызметін пайдаланушылар көбейіп келеді. Пешков селосындағы пошта бұрынғыдай таңертеңгі 9.00 мен кешкі 18.00 аралығында жұмыс істейді. Осы уақыттар аралығында тегін интернет желісіне қосылғысы келетін ауыл тұрғындары пошта қызметіне жүгінеді.