Ауылға ауыз су келді

Елімізде тұрғындар үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін табуда. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатыр. Жітіқара ауданында да ауылдарға сапалы ауыз су құбырын тарту жылдан жылға артып келеді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ауданға қарасты Забеловка ауылында ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Ауыз судың салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Нұрмұхамедов ауыл тұрғындарын  облыс әкімінің атынан мерекемен құттықтап, жергілікті биліктің елді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отырғандығын және ел игілігі үшін мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретіндігін жеткізді.
забеловка1
забеловка2забеловка3забеловка4забеловка5забеловка6Забеловка ауылындағы сонау жетпісінші жылдары салынған сумен жабдықтау желілері 2000-шы жылдардың басында мүлде істен шыққан көрінеді. Кейін ауылды сумен қамтып келген серіктестік те 2012 жылы өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болған. Содан бері тіршілік нәрін тасып ішкен тұрғындар енді бұл машақаттан алаңсыз құтылды. Ең алдымен, осы мәселені шешу мақсатында 2017 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен 7,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. “Өңірлерді дамыту” мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобаны іске асыру үшін 476 млн 304 мың теңге (оның ішінде 300 млн. теңге республикалық бюджеттен, 176,304 млн теңге облыс қазынасынан) бөлінді. Жоба аясында қуаттылығы тәулігіне үш жүз текше метр су қабылдайтын қондырғының құрылысы, отыз мыңдай шақырым сумен жабдықтау желілерін салу, сумен жабдықтау кешендерін қайта құру жұмыстары жүргізілді. Ауқымды жұмысты бас мердігер “Инсект” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып, ауыл орталығына жеткізілген тұщы суды әр көшеге  тартып берді. Бүгінде Забеловка ауылында 354 үй түтін түтетіп отыр, орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, монша, мәдени орталық, автотұрақ, МТМ, мұнай базасы, астық диірмені, кеңсе, кафе, асхана, құрылыс алаңы, мал шаруашылығы кешені орналасқан. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесіне 189 үй, ФАП, мектеп қосылған. Дегенмен, Ғ.Нұрмұхамбетов жеке секторларға және өндірістік жайларға су қосу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін, себебі енді ол үшін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.
Ауыл тұрғындары да ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің шешілгеніне дән риза. Сапалы судың шапағатын көріп отырғандардың бірі Жүнісовтер әулеті.
-Бұл ауылға Ресейден көшіп келгенімізге отыз жылдан асты. Ауылдың жағдайы жаман емес. Бүгінде ауылдың тең жарымы газбен қамтылған. Бірақ, алдағы уақытта барлығына бірдей газ берілсе, тіпті жақсы болар еді. Ең бастысы, ауылға ауыз су келіп қуанып жатырмыз. Бұрын кірді қолмен жуатын едім, енді судың арқасында қолым ұзарып жатыр. Әжетхана да үйде, жуынатын душ та орнатып алдық. Қаладағыдан еш кем өмір сүріп жатқан жоқпыз. Таза әрі сапалы тіршілік нәріне қол жеткізу тұрғындардың арманы еді. Міне, мемлекет қамқорлығының арқасында бұл қиындықтар артта қалды, – дейді көпбалалы ана Б.Жүнісова.
Жалпы, Жітіқара ауданының аумағында 18 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде Забеловка ауылын қоса есептегенде, 15 ауыл, яғни 83,3 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықталған. Алдағы жылдары Тургенов ауылындағы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеу, Пригородное және Приречное ауылдарындағы су құбырларын қайта құру, Чайковское ауылында сумен жабдықтау желілерін салу, сондай-ақ Жітіқара қаласының оң жағалауында жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓