Жәрмеңке: 119 тонна өнім әкелінді

Бүгін Қостанай қаласындағы "Емшан" сауда орталығы маңындағы жабық павильонда азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Сауда-саттық шарасында облыстың 14 ауданы мен Қостанай, Рудный қалаларының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімдерін әкеліп сатты. DSCN5845
Жәрмеңкеде 140-тан астам шаруашылық жалпы көлемі 119 тонна өнім әкелген. Атап айтқанда, қыс мезгілінде саудасы ерекше қызатын ет өнімдерінің 30 тоннасы сауда сөресіне қойылды. Тиісінше, бағалары да нарықтағы құннан сәл төмен: сиыр етінің келісі 1350-1500 теңге аралығында сатылса, жылқы еті 1500-1700 теңгеден бағаланды, қой етін 1300 теңгеден кездестіруге болады, шошқа етінің құны 1150-1300 теңге шамасында, ал құс етінің келісі 750-850 теңгеден ұсынылды. DSCN5840Жоғарғы және бірінші сұрыпты ұн да осы жолғы жәрмеңкеге көбірек жеткізіліпті – 14 тонна. 1-сұрыпты ұн 99 теңге, жоғарғы сұрыптысының келісі 140-150 теңгеден тұрды. Жарма мен макарон өнімдерінен 5 тонна әкелінген: күріш – 290, қарақұмық – 145-290 және кеспелер 165 теңгеге бағаланды. Әр жәрмеңке сайын тұрғындардын жоғары сұранысына ие болатын өнімнің бірі – тауық жұмыртқасы. Бұл жолы 144 000 данасы сатылып кетті. Он данасының құны – 230 теңгеден, дүкендегіден 20-30% арзан. Бұған қоса, жан-жақтан жеткізілген 5 тонна қанттың келісі 150 теңгеден, 10 тонна картоптың келісі 70 теңгеден сатылды. Таразыға тартылған көкөніс пен жеміс-жидектің жалпы салмағы 7 тоннадан асады. Келілей өлшегенде, сәбіз – 75, орамжапырақ – 90, қызылша – 70 теңгедан саудаға қойылды. Мұнымен қоса, 6 тонна күнбағыс майының литрі 330-390 теңге болып белгіленді. DSCN5844
Сауда-саттық барысын бақылауға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы келді. Аймақ басшысы жәрмеңке басындағы ығы-жығы халықпен бірге сөрелерді аралап, өнімдердің бағаларына назар салып, саудагерлермен тілдесті. Мұнан соң осы шара төңірегінде тілшілерге сұхбат берді.DSCN5848"Бүгін біз маңызды мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңызда  кезекті жәрмеңке өткізіп отырмыз. Жалпы, биыл облыс бойынша 491 жәрмеңке өткіздік. Онда 5200 тоннадан астам өнім сатылды. Саудаланған өнімдердің жалпы құны 2,4 млрд теңге болды. Осы жолғы шараға өңірдегі барлық аудан-қаланың кәсіпкері белсенді қатысып отыр. Мұнымен қоса, тұрақтандыру қорынан жалпы салмағы 48 тонна болатын 11 түрлі өнім әкелінгенін де айта кету керек. Сондай-ақ, біз қазіргі уақытта бірінші сұрыпты ұнның бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Айталық, осы мақсатта "Асалия" диірмен кешенімен 3200 тонна ұн өндіруге келісім-шартқа отырдық. 19 түрлі әлеуметтік азық-түліктермен мұқтаж жандарды қамту шаралары да қолға алынып жатыр", – деді облыс әкімі.DSCN5858
Айта кетейік, келесі жәрмеңкелер 14 және 28 желтоқсанда өтеді.
 
Ж.Балғынбекұлы
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓