Әскерге шығарып салды
ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған қостанайлық 25 бозбала әскерге аттанды. Олар Қарағанды қаласындағы №31775 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтейтін болады. Болашақ сарбаздарды ата-аналары мен туған-туыстары және жергілікті билік басшылары салтанатты түрде шығарып салды.

-Отанды қорғау – Қазақстан Республикасының кез келген азаматының өміріндегі маңызды әрі жауапты міндет. Құрметті әскерге шақырылушылар, біз сіздерге сенім артамыз. Ата-аналарыңыздың үміттерін ақтаңыздар,-деді Н.Қонқабаев.
Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бұл белес еліміздің тарихында аса маңызды орын алады. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері бүгінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.