“28 панфиловшы” фильмін тамашалады

Қостанай облыстық және Рудный қалалық балалар үйлерінің тәрбиеленушілері «Арман 3D» кинотеатрында «28 панфиловшы» фильмін тегін көрді. Аталған қайырымдылық шарасын «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы «25 жұлдызды күн» және «Ризашылық» акциялары шеңберінде ұйымдастырды.IMG_9483«Арман 3D» кинотеатры облыс орталығындағы «МАРТ» сауда, ойын-сауық орталығында орналасқан. Жетпіске жуық балғын кинотеатрға көтеріңкі көңіл күймен жиналды. 28 панфиловшының ерлігін баяндайтын кинокартина бәріне ұнаса керек. Бір жарым сағат бойы тапжылмастан тамашалады. IMG_9475
IMG_9522
IMG_9514-Маған фильм ұнады. Патриотизмді дәрімтейтін туынды. Жауынгерлер Отаны үшін қасық қандары қалғанша күресті. Олар ұлтқа қарап бөлінген жоқ. Кейінгі ұрпақтың болашағы үшін бір жұдырық болып жұмыла кірісті. Намысшыл аға, аталарымыздың арқасында біз бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Ерлік ешқашан ұмытылмайтынына тағы бір мәрте көзім жетті,-деді облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі, 10-сынып оқушысы Евгений Ковочко.
«28 панфиловшы» фильмінде 1941 жылдың күзіндегі кеңес әскерінің неміс басқыншыларына тойтарыс берген сәті суреттеледі. Әскери, драма жанрындағы туындыға Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Подоляков жақсы бағасын берді. -Ұлы Отан соғысы жылдарын еске алудың өзі қорқынышты. Мына фильмде бәрі шынай шыққан. Қазақстанда жасақталған, генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Бұл – тарихи шындық. Соңғы жылдары 28 гвардияшы-панфиловшылардың болғанына күмәнмен қарайтындар шықты. Аңыз ба әлде ақиқат па деген көзқарастар тайталаса бастады. Мен білетін бір ақиқат бар. Ол – жауынгерлердің Отанға деген шексіз махаббаты,-деді ҰОС ардагері М.Подоляков.IMG_9482 Қайырымдылық мақсаттағы көрсетілімге Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Харьяков, запастағы генерал-майор Михаил Дәуенов, ҰОС ардагері Михаил Подоляков қатысты. -Бұл фильмнің Қазақстанға тікелей қатысы бар. Генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Алматыда жасақталған. Қазақстандық жауынгерлер Ұлы Отан соғысы тарихында қайталанбас ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. Бұл фильм жастарды Отанды қорғауға шақырады. Бізге дейін талай ержүрек батырларымыздың болғанын дәлелдей түседі. Қазіргі жастар жаңа дәуірдің ұрпағы. Қазақстандық патриотизмді балалардың бойына дарытуды отбасында бастау керек, -деді запастағы генерал-майор М.Дәуенов. IMG_9551
IMG_9589
Қымбат Досжанова.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓