Шағын орталық ашылды

Бүгінде елімізде балабақшалар мен шағын орталықтар саны көбеюде. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Әулиекөл ауданындағы И.Сьянов атындағы орта мектепте көптен күткен жаңа шағын орталық пайдалануға берілді. Орталықтың салтанатты ашылуына аудан әкімі Е.Теменов, ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшылары, ата-аналар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты.

орталык

 

орталык3

 

 

орталык1

 

орталык2Игілікті іс-шараға жиналғандарды құттықтаған аудан әкімі Ерлан Теменов орталық жұмысына сәттілік тілеп, мектеп директоры Юрий Волковқа шағын-орталық үшін жабдықтар сатып алуға 700 мың теңге сертификат табыс етті.Иә, мектепке дейінгі мекеменің ашылуына бірінші кезекте ата-аналар қуанышты. Еліміздің болашағы балалар үшін жасалып жатқан жағдайға олар дән риза. Әрі бұл орталықтың ашылуы балабақша кезегін азайтып, көптеген аналардың жұмысқа шығуына мүмкіндік беріп отыр. Толық күн бойынша жұмыс істейтін шағын орталықта барлық жағдай жасалған. Бұған аудандық бюджеттен 10,6 млн теңге бөлініпті.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓