Тағылымы мол шара
Оқу жылының соңғы айы – мамырда мектебі-мізде келешек ұрпақты отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, бойына ұлттық рух, намыс, жігер сияқты асыл қасиеттерді терең сіңіру мақсатында бірнеше іс-шара ұйымдастырдық.
Соның бірі – "Есімізде, білеміз және мақтан тұтамыз" атты акциясы. Бұл акция аясында оқушылар арасында тура жолдан таймай әрқашан әділдікті, шындықты, адалдықты жанына серік ететін жас буын ортасын қалыптастыру оймен мектепте саптық шеру байқауы өткізілді. Саптық байқауға Қостанай Заң академиясының тыңдаушылары Сұлтан Берікбаев және Бөкенше Шайхин шақырылды. 10 сынып оқушылары Жібек Жомарт, Жұмақыз Ізбас, Жансая Бекманова, Айжан Қайырбекова, Даная Аяпбергенова, Дәмежан Ахметова, Бағытжан Хасенов, Әйгерім Гутова, Гүлсән Сайран, Бағдат Аманжолов, Сабина Омарова, Дидар Мұрат, Жасұлан Ағы-таев, Алтынай Жүсіпова, Зарина Нұрабаева орта буын оқушыларын үлкен жауапкершілікпен дайындап, іс-шараның ұйымшылдықпен өтуіне өз үлестерін қосты. Оқушыларымыз Гүлнұр Сүлейменова, Гүлсезім Болат, Ақмарал Бекенова, Дастан Төкенов, Алмас Искедиров қазақстандық патриотизмге деген көз қарастарының биік екендігін көрсетіп, бар бұйрықтарды шеберлікпен орындап, "Ең үздік командир" атағына ие болды. Жүлделі орындарға ие бол-ған оқушыларымыз мадақтама қағаздарымен марапатталып,түрлі сыйлықтарға ие болды.
Жанаргүл ЕЩАНОВА,
мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары
М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі. Қостанай қаласы.