Жаңа жоба жүзеге асады

«Қазгеология»АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов пен  Қазақстандағы австралиялық  «Iluka Resources Limited» компаниясының өңірлік директоры Элисон Морли облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті.
Ғалым Нұржанов өз сөзінде шетелдік әріптестерінің қатысуымен жүзеге асып жатқан жобалар туралы баяндап берді. Мәселен, «Iluka Resources» инвестициялық компаниясы Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аумағында  аэрогеофизикалық зерттеу жұмыстарын бастады.

5FgYLWbmuEE

           Бұл жоба ҚР инвестиция және даму министрлігі мен «Iluka Resources Limited» арасында қол қойылған Меморандумға сәйкес жүзеге асты. Естеріңізге салайық, тараптар  жер асты қазба байлықтарын барлау және геологиялық зерттеу бағытында өзара ықпалдастық пен әріптестік етуге қатысты екіжақты мәмілеге келген болатын.
          Осындай маңызды жобаға қолдау білдіргені үшін Элисон Морли облыс басшысына алғыс білдіріп, компанияның Қазақстандағы соңғы жылдардағы жетістіктерін тілге тиек етті.
         Оның айтқанындай, австралиялық компания  жер қойнауын мемлекеттік  тұрғыда геологиялық зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды толығымен қамтамасыз етпек.
        Австралияның «Iluka Resources Limited» тау-кен өнеркәсіптік компаниясы циркон және жоғары сапалы титан өнімдерін шығаратын әлемдегі ең ірі өндіріс ошағы.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓