Бөтен қайғы болмайды
Біреудің қайғы мен қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтасу – адамға тән кісілік парасаттың үздік үлгісі. Осы орайда «ССКӨБ» АҚ қызметкерлері сауапты іске үлес қосып, қатерлі ісікке шалдыққан рудныйлық Адис Теміровті қолдау үшін зияткерлік ойын ұйымдастырды.
Қайырымды шараға жастар науқастың анасы Эльвира Жаманқұлованы да арнайы шақырып, жиналған қаражатты қолына табыстады.
Бүгінде 23 жастағы «тепсе, темір үзетін» жігіт Стамбулдағы «Анадолы» медициналық орталығында ем қабылдап жатыр.
– Ұлым белсенді, мейірімді, үнемі қозғалыста жүретін азамат еді. Ауру айтып келмейді емес пе? Өткен жылдың күзінде Адистың тыныс алуы нашарлаған соң, жан-жақты медициналық тексерістертен өткіздік. Нәтижесінде оған үшінді дәрежелі мұрын қуысының қатерлі ісігі деген диагноз қойылды. Төбемізден жай түскендей хабарды естіп, үйімді, көлігімді, бизнесімді саттым. Сөйтіп, Түркияға емделуге аттандық. Жетпеген қаражаттың бір бөлігін ел болып жинаудамыз. Бізге қолдау көрсеткен және көрсетіп жатқан барлық жандарға, соның ішінде «ССКӨБ» АҚ басшылығы мен жастарына зор алғысымды білдіремін, – дейді жалғызбасты ана.
Жуырда дәрігерлер химиятерапияны тоқтатып, әр флаконы шамамен 2 млн теңге тұратын «Китруда» препаратын жазып берді. Алғашқы курс 1-желтоқсанға белгіленген. Қарыздан енді ғана құтылған отбасы үшін тағы да біз бен сіздің көмегіміз қажет.
Көмек үшін реквизиттер:
+7 747 409 34 92 – киви кошелек
+7 776 998 07 89 – карта Билайн
KASPI GOLD 5169 4931 1234 2160 (Viktoriya Kuchchenkova)
ИИН 930716450277
+77758285358 (Виктория – досы)
Эльвираның телефоны: 8 747 409 34 92, 8 776 998 07 89.
Қуаныш Есқабыл