Флеш-моб өтті
Қаламыздағы “Қостанай плаза” сауда орталығында халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша кең ауқымды флэш-моб өткізілді. Іс-шараға Қостанай медициналық коледжінің жетпістен астам студенті атсалысты. Акция студенттердің дайындаған алғашқы медициналық көмек көрсету туралы көрінісімен басталды. Сондай-ақ, шара барысында “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” облыстық филиалының мамандары тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тегін үнпарақтар таратты.


Суреттерді түсірген Б,АХМЕТБЕКОВ