Жеңімпаз – Жандос Жүсіпбек!

Бұған дейін ел газеті «Егемен Қазақстан» 100 жылдық мерейтойы аясында «Ең қысқа әңгіме» байқау жариялағанын хабарлағанбыз. Бәйге ашық түрде өтті. Ұсынылған шығармалар «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында жарияланып отырды.
WhatsApp Image 2019-11-21 at 12.15.43
Бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық тойында жеңімпаздың есімі белгілі болды. Ол – ақын, "Қостанай таңы" газетінің тілшісі Жандос Жүсіпбек. Әріптесімізге бас жүлденің сыйлығын «Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының бұрынғы президенті Сауытбек Әбдірахманов тапсырды. Жандос Жүсіпбекті айтулы жеңісімен құттықтай отырып, жеңімпаз танылған әңгімелерді тағы оқып көруді ұсынамыз:
 
Күз. Елең-алаң. Қала қалтарысы. Қыз құлағын алақанымен тарс жапқан күйі «іңгәлаған» дауыстан жалма-жан ұзап барады.  
* * *
– Анамды ренжітіп алмаңдар! – деді ол бұйыра сөйлеп.  Кейуана ұлының бұлай қамқорсығанына титтей де разы болған жоқ.
– Алаңдамаңыз, біз қарттардың барлығына бірдей қараймыз, – деді жылы жүзді қызметші, кемпірді қолтығынан сүйей беріп.  
* * *
Жаңадан келген сыныптасымыз қазақша мүлде білмеуші еді. Қазір, почему-то, ол бар жерде бәріміз орысша сөйлесеміз.  
 * * *
 Ол бүгін тағы теледидар тыңдап отыр. «Мына әншінің түрі есіме түссеші!» — деп қиналады бейбақ.  
 * * *
Жарығым, терезені ашық қалдыршы. Жаңбыр исін соңғы рет сімірейін…
* * *
«Таңғы намазыма неге оятпағансың?» — деп әкесін жағадан алды. 
***
«Адам өмірдің қадірін білу керек, бала», — деп ақыл айтты ағам, кезекті шылымын тұтатып жатып.
***
 «Мамам 30-да. Ал біз 20 ағайындымыз», — деп, жетім бала шығармасын бастады. 
***
Ол кезде имамның ашуы әлі тарқай қоймаған еді.
 
WhatsApp Image 2019-11-21 at 12.15.46
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓