Әр өтініш жауапсыз қалмайды
21 қараша – республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің азаматтарды қабылдау ұлттық күні өтті. Бұл шара біздің өңірімізде де жүзеге асып отыр. Тұрғындарды жеке және ұжымдық өтініш, арыз-шағымдарымен қабылдау таңғы сағыт 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жүргізілді.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қабылдауына жазылып, жеке кездескен азаматтар аз емес. Алайда кейбір даулы мәселелер соттың шешімін күтіп отырса, кейбірі аймақ басшылығына тікелей қатысы жоқтар. Дегенмен өңір әкім өтініштердің әрбіреуін жіті қадағалап, жауапты органдардың оң шешілуіне тапсырмалар жүктеді.
Өтініш сауалдардың қатарында жұмыстан заңсыз шығару мен жалақыны өсірмеу, көшіп келген оралмандардың баспанаға қол жеткізе алмай отырғаны, көпқабатты үй тұрғындарының құрылыс жөндеу жұмысы мен жеке пәтер иелері кооперативі басшылығының жұмысына көңілі толмайтындығы, жеке кәсіпкердің құрылыс жұмыстарын орындағаны үшін ақшаны ала алмай жүргені, екі көпқабатты үйдің ортасына жеке адамның заңсыз нысан салу туралы шешіміне қарсылық, белгілі этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың нақты туған жеріне қатысты, еңбегімен еленген ел азаматына лайықты марапат берілсе деген мәселелер көтеріліп отыр.
Толық материалды алдағы аптадағы газет сандарынан оқи аласыздар.