Органдар арасындағы ойын

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Астана" спорт клубында салауатты өмір салтын насихаттау үшін қызметкерлерді дене шынықтыру мен спорт сабақтарына тұрақты тартуға, сонымен қатар қызметкерлер арасында спорт коммуникациясын дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі органдарының Спартакиадасын өткізді.IMG_1841
Жарыс спорттың 2 түрінен өтті: мини-футбол, шахмат.
Жарысқа Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарынан құралған 4 құрама командасы: олар Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменттері қатысты.IMG_1845
Жарыс нәтижелері бойынша шахматтан 1-орынды – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭТД, 2-орынды – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД, 3-орынды – Ақмола облысы бойынша ЭТД жеңіп алды.
Шағын футбол бойынша 1-орынға Қостанай облысы бойынша ЭТД, 2-орынға – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД және 3-орынға Ақмола облысы бойынша ЭТД ие болды.IMG_1885
IMG_2030"Үздік шабуылшы" номинациясы бойынша грамотамен Сыздықов Жандос Есенұлы;
"Үздік ойынша" номинациясы бойынша грамотамен Аймұрзаев Шалқар Аманғалиұлы;
"Үздік қақпашы" номинациясы бойынша грамотамен Ақанов Айдос Дәутханұлы;
"Үздік қорғаушы" номинациясы бойынша грамотамен Ғабдолла Айхан Абайұлы;
"Әдемі ойын" номинациясы бойынша грамотамен Қостанай облысы бойынша ЭТД марапатталды.
IMG_2257
IMG_2290

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓