АИ-80 айналымнан шығады
Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы бензин шығарылмайды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарылатын болады. Ал, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін бітуі тиіс. Сондай-ақ, министр елдегі жанармай бағасы халықтың орташа табысына қаншалықты сай келетіндігі жөнінде пікір білдірді.

"Мен халықтың орташа табысы мен бензиннің бағасын салыстырып көрген жоқпын. Бірақ Ресейді алып қарасақ, онда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 180 теңгеден асады. Әрине, Еуропамен салыстырсаңыздар, баға басқаша болады", – деді Қ.Бозымбаев.