Билік транзитінің жемісі

«Nur Otan»-ның саяси кеңесінде партияның ғана емес, мемлекет тарихында қалатын елеулі оқиға болды. Партия төрағасы болып – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. Жақын арада осы оқиғаға қатысты сарапшылар тарапынан түрлі бағалар беріледі деп сенемін. Себебі бұл еліміздің саяси өміріне ғана емес, экономика, әлеуметтік саласына да зор өзгеріс әкелетіні анық. Менің ойымша, біздің елімізде биліктің транзиті жоспарлы, бағдарлы, бағытты түрде жүріп жатыр.


Бүгінгі маңызды оқиғаның ұтқан жеріне көз жеткіздім: 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлауда «Nur Otan» партиясы зор нәтижелер күттірерлік өте ауқымды, жоспарлы, қуатты бағдарламаны алға қойды. Ал мемлекет басында отырған Президент партия тізгінін қолына алса, айтылған бағдарлама аса қарқынмен орындалатыны анық.
Римма БЕКТҰРҒАНОВА, педагогика ғылымдарының докторы, Қостанай облысының әйелдер күші альянсының жетекшісі.