Әлеуметке әл бітті

Биыл Қостанай облысында "Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыруға 9 млрд теңге бөлінді. Ресми деректер бойынша, қазіргі таңда бұл соманың 6,5 млрд теңгесі игерілген. Осы қаржыға 25 мың адам жұмысқа орналасып, арнайы білім алды.imagesБағдарлама игілігін көрген азаматтардың 85%-ы жұмыссыздар болса, қалғандары – өз-өзін жұмыспен қамтушылар. Мұның сыртында, "Еңбек" бағдарламасы аясында облысқа елдің оңтүстік өңірлерінен 595 қоныс аударушы және 815 оралман келуі керек болған. Экономикалық тұрғыда белсенді 300-дей адам жұмысқа орналасып, баспанамен қамтылған және көтерме ақы алған.
"2016 жылдан бері бағдарлама аясында облысқа 1730 қоныс аударушы және 1421 оралман келді. Облыс бойынша 6 мыңға жуық жұмысшы, механизаторлар, жүк машиналарының жүргізушілері, құрылысшылар, аспаздар, мұғалімдер мен дәрігерлер сұранысқа ие. Әсіресе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан көшіп келген азаматтар көбірек болды", – дейді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасның басшысы Гүлнар Әбенова.
"Еңбек" бағдарламасы аясында бизнесті дамыту үшін шағын несиелер беру мүмкіндігі де қарастырылған. Облыста бұл мақсатта 1,3 млрд теңге бөлініп, толықтай игеріліп, кейін Ұлттық қордан үстеме 250 млн теңге қосылған. Мамандар межелеп отырған нәтижелер олқы емес. Мәселен, шағын несие беру арқасында қалаларла 67 стартап-жоба іске асқан.
"Жастар бизнесіне келер болсақ, биыл ғана бірнеше жас кәсіпкер өз жобаларын бастады. Айталық, Қабылтаев ЖК дәмхана ашуға, Нұркин ЖК арнайы техника қызметін көрсету нысанын ашуға және "Арсам 5" ЖШС бизнес-жоспарын жүзеге жүздіруге мүмкіндік алды. Шағын несиелердің бірі NEET деңгейіндегі жастар қатарына жататын "Версаль-Спецторг" ЖК-не берілді. Бұл бизнес-жоба сауда нысанын дамытуға бағытталған, ол қажетті құрылғылармен қамтылды", -дейді облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім жетекшісі Жасұлан Каленов.      
Шағын несиелендіру әйелдер арасында да белсенді жүріп жатыр. Қалалардағы барлық кәсіпкерлердің ішіндегі нәзік жандылар үлесі 49%-ға тең. Соңғы жылдары бағдарлама аясында басым назар тұрмысы төмен отбасыларға аууда. Мұндай жанұялар мүшелеріне де басыбайлы бизнестерін ашу үшін шағын несиелер беріліп жатыр. Өз істерін дөңгелетіп әкеткен азаматтар да аз емес.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓