Ыбырай әлеміне саяхат

ыбырай-АлтынсаринЕлбасының "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында көрсетілген басымдықтарды іске асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасы үстіміздегі жылы бірқатар жаңа жобаларды қолға алған болатын. Соның бірі – Ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің Торғайдағы өз қолымен іргетасын қалаған мектептің 150 жылдығына байланысты ұйымдастырылған шаралар. Бұл жолы облыстық ішкі саясат басқармасы және "Ел ертеңі" жастар қоғамдық бірлестігі-нің ұйытқы болуымен журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырылды. Республикалық, облыстық БАҚ өкілдері ұлы ағартушының туған жері мен кесенесіне барып тәу етті. Сондай-ақ, Қостанайдағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта болып,  мемориалдық мұражайда Ыбырай әлемімен танысты. Ы.Алтынсарин жүріп өткен жолдардан жазылған сапарнама жайлы газетіміздің келесі санынан толық оқи аласыздар.
Айбек
     кәдірұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓