Уақытша тіркеу басталды

     Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілген көліктерді уақытша тіркеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
         Осыған байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бір ай бойы демалыссыз жұмыс істейді. Шетелден әкелінген көліктерді тіркеу үшін жүргізушілер жеке куәліктерін, көліктердің мемлекеттік немесе транзиттік нөмірлерін, тіркеу туралы анықтаманы және көлікті тіркеуге уақытша тұрғызғанын растайтын түбіртек өткізуі тиіс. Еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Шетелдік көліктерді уақытша тіркеуге тұрғызғандарға сары түсті нөмір беріледі. 
            Уақытша тіркеуге қою акциясы 2020 жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады. Техникалық куәліктерін алуға баж, сонымен қатар бірінші төлемақыларын төлеу міндетті. Тіркеуге алынған нөмірлер келер жылдың бірінші наурызына дейін ғана жарамды.
              ХҚКО  құжаттарды, өтінімдерді қабылдауға дайын екенін айта кеткен жөн.
11111

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓