ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру  шаралары талқыланды. Сондай-ақ осы бағытта жүзеге асырылған бақылау нәтижелері сөз болды. Жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Асхат Ескендіровтың баяндамасы тыңдалды. IMG_9511Бүгінде өңірде мемлекеттік органдар 396 қызмет түрін көрсетеді. Облыс бойынша жыл басынан бері 6,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 80%-і – электронды түрде жүзеге асқан. Алайда облыста электронды түрде көрсетілуі тиіс 88 мың қызмет әлі күнге дейін қағаз түрінде көрсетіліп келеді.  Олардың қатарында  баланы мектепке қабылдау, жұмыс іздеушілерді тіркеу сияқты қызмет түрлері бар. Асхат Ескендіровтың айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқық бұзу деректерінің 80%-і қағаз жүзінде көрсетілген қызмет түрлеріне тиесілі екен. Соңғы 9 айдың ішінде департамент мамандары мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді 48 тексеріп, нәтижесінде 4 503 құқық бұзу дерегін анықтаған. Құзырлы мекемелердің жеке шаруасымен келген азаматтардан басы артық құжаттарды талап етуі тоқтамай тұр. Мұндай келеңсіздік Қостанай ауданының әкімдігінде, Федоров және Науырзым аудандарының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, Қостанай ауданының жер қатынастары бөлімінде кездескен.IMG_9534
 

Жыл басынан бері аталмыш департамент азаматтардан келіп түскен  200-ден астам шағымды тексерген. Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының жетекшісі М.Әбдірахмановтың айтуынша, департаментке келіп түскен шағымдар лауазымды тұлғалардың өз міндетіне әлі салғырт қарайтындығын көрсетеді. Тексеру шараларының нәтижесінде 70-ке жуық азаматтың құқығы қорғалған. Сонымен қатар, 100-ден астам мемлекеттік қызметшінің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралып, 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  IMG_9519

Кеңес мүшелері баяндамашыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Жиын соңында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Қоғамдық кеңес пен мемлекеттік органдардың арасындағы ықпалдастықты арттыру туралы шешім қабылданды.

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓