Мектепке жаңа пән енгізіледі
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.
"Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", – деді ол.
Бұған дейін қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін "цифрлық сауаттылық" пәні енгізілген еді.