Редакторымыз – Академик

"Бізде қазақ журналистикасында зор еңбек сіңірген танымал қайраткерлер ел өңірлерінде жанкешті қызмет етіп жүр,– деді Сағымбай Қозыбаев.- Төл медиада Ж.Аязбековтің тың бастамалары мен жаңашылдығы, мерзімдік басылымның жүгі мен жауапкершілігін тең ұстаған білікті басшылығы құнды".
"Әдебиеттегі шығармашылығы мен өңірдегі ақын-жазушылар туындыларын насихаттаудағы сындарлы белсенділігі де Ж.Аязбековтің тағы бір бағалы қыры. Сондықтан оның еңбегі жоғары марапатқа әбден лайық", – деді Академия мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.
Отандық масс-медианың Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Дариға Назарбаева, Ұлықбек Есдәулет, Сейдахмет Құттықадам сияқты танымал тұлғалары кіретін Қазақстан Журналистика Академиясы құрамында Жанұзақ Аязбековтың академик атануы өңір журналистикасы үшін де үлкен мәртебе деп білеміз.
Біз әріптесімізді мәртебелі атағымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!