Үлгілі отбасы

Бес баланы мәпелеп отырған Қайсар Мырзағалиев мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 2001 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істейді. Ол өзіне бекітіл-ген техниканың тұрақты және тоқтаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Жас қызметкерлерге өрт-техникалық жарағы және жабдығымен тәжірибелік көмек көрсетеді. Ол өз ісіне жауапты, тиянақты маман. Жұмыс барысында жол-көлік ережелерінің талаптарын, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитарлық ережелерін қатаң сақтайды.
– Адамға өмірінде ең қымбаты – отбасы. Үйде жақындарың мен балаларың күтіп отырса, одан артық не бар. Алдыңнан ұл-қызың жүгіріп шықса, шаршағаныңды бір сәт ұмытасың. Жұбайым, ұл-қызым және жақындарым маған күш-қуат береді, өмірге деген сүйіспеншілігімді арттырады. Мен солар үшін өмір сүремін, –деді өртке қарсы қызмет прапорщигі Қ.Мырзағалиев.
Қымбат
ДОСЖАНОВА