МИБ құру неге баяу?

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нормасын енгізудің негізгі себебі – ПИК (пәтер иелері кооперативтері) қызметіне қатысты сынның көбейіп кетуі, тұрғындардың арыз-шағымы. Көпшілік кооперативтердің есеп-қисабы ашық жүргізілмегеніне наразы болды.
Осы істің басы-қасында жүргендер реформаның артықшылығы көп екенін айтып отыр.
«Бұл бастама меншік иелеріне өз үйлерінің, инженерлік коммуникациялардың жай-күйін бағамдауға, құқықтары мен мүмкіндіктерін білуге мүмкіндік берді. Мысалы, тұрғындар кооперативтердің «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңды белшесінен басқанын, инженерлік коммуникациялардың апатты жағдайда екенін және жарналар қайда жұмсалатынын ескермей, тарифтің негізсіз қымбаттағанын білді», – деп атап өтті ӨКҚ брифингінде «Қамқор-Қостанай» қауымдастығының өкілі Айнұр Қарымсақова.
ПИК төрағалары үй құжаттарын және есеп беруге де құлықсыз. Бұл – басқарудың жаңа формасына көшуге кедергі келтіріп отырған фактордың бірі. Сонымен қатар, олар МИБ-ке (мүлік иелері бірлестігі) қарсы насихат жүргізіп, оны тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы ретінде танымауға үгіттейді.
«Бірлестіктердің төрағалары бірнеше ай соттасып жүруге мәжбүр. Көбі барлық жұмысты өздері тындырып жатыр. Құжаттарын реттеп, құралдарын сатып алды. Қаншама соттасса да бұрынғы кооперативтер жарналарды толық көлемде жинап бере алар емес. Ол өте қиын. Бұл тұрғындар үшін де, МИБ төрағасы, тұрғын үй кеңесіне оңай соғып тұрған жоқ», – деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 48-1 бабының 4-тармағына сәйкес ПИТК/ЖШС/ЖК құжаттарды МИБ тіркелгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тұрғындардың қолына ұстатуға және соңғы 3 жылға есеп беруге міндетті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓