«Асық атты балақай, алшы түсті, алақай!»

Редакция ұжымының “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында басылымға жазылу науқанын насихаттауға арналған жұмыстар өз жалғасын табуда. Кезекті шара Қамысты ауданының Қарабатыр ауылында өтті. Газет тілшілері Қарабатыр орта мектебінде асық атудан оқушылар арасында жарыс ұйымдастырды. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, өзара мергендіктерін сынады. 
Асық ойыны – ұлттық ойындардың ішіндегі ең көнесі. Сондықтан да, біздің басылым өтпелі кезеңде ұмытылған ойынды оқушылар арасында дамытуды қолға алу мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастыруда. Себебі, асықты әр қазақтың баласы ойнай білуі керек. Әсілі, асық ұлдармен қатар қыз балалардың да ойыны саналады. Сондықтан, қатысушылардан бөлек ойынды қызыға тамашалаған көрермендер де көп болды. Айта кетер жәйт, осы уақытқа дейін Қарабатыр орта мектебінде асық ойнауды үйретуден арнайы үйірме жұмыс істеп келген көрінеді.
-“Доп ойнаған тозар, асық ойнаған азар” деген мақал бүгінгі таңда өз мазмұнын өзгерткендей. Қазір балалардың үйде отырып интернетке телміргенінен гөрі, асық ойнағаны өздерінің денсаулығына және рухани дамуына да мол пайдасын тигізеді. Қуанарлығы, қазір балалар арасында ұлттық ойынға деген қызғушылық та артып келеді. Тіпті, өзге ұлт өкілдерінің балалары да кезінде осы үйірмеге қатысып жүрді. Сондықтан оны қайта дамытуымыз қажет,  – дейді Қарабатыр орта мектебінің мұғалімі Ғарифолла Қиысхан.
Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, аталған шараны ұйымдастыруға қолдау білдіріп, демеушілік жасаған Қарабатыр агрофирмасының директоры Марат Құдайқұлов, аталмыш ұлттық ойынды дәріптеуде еңбек сіңіріп жүрген Қарабатыр орта мектебінің ұстазы Ғарифолла Қиысхан облыстық “Қостанай таңы” газетінің Директор-Бас редакторы Ж.Аязбековтың Алғыс хатымен марапатталды.
Біздің бұл өңірде өткен сапарымыз жайлы толық ақпаратты газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.
0A8FEAE6-6DB4-4321-9FCC-5F6934ED28C0 1C46A3CE-2201-42CB-AEEA-4AC318DFBA2C 08F59291-8356-404A-9E16-AB30200BE373 09C8169E-CF8B-48C0-85CE-7C65627E8FEC 9B3FE25D-8BB0-4AE5-959A-958138810EAA 9F155792-5BFC-449C-AB4E-1128207093D2 AF21DFF0-A9FA-4C45-A555-AEAA7FD4BB48 C73A652D-80E9-4406-9724-B82710B3483A DF37CF73-7E27-44A4-9500-5BD813906157 F16F4EB9-2ED1-439D-9662-E5936260CE3F F0322F23-A882-4E00-9D20-48E81ACD14D7 FD46D55D-2F0A-4665-977F-B9F4E74B5E7D

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓