Ай құбылысын қызықтаңыз
Қазақстандықтар 31 қазан күні кешкісін әдемі көріністі тамашалай алады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 31 қазан кешке жаңа туған Ай (фаза 0,15) Юпитер ғаламшарына (жарқылы 19 жұлдыздық шама) жақындайды. Күн батқаннан кейін, шамамен Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де бір-біріне айтарлықтай жақындай түседі. Ол кезде Ай мен Юпитердің қашықтығы 8 бұрыштық минут болады.
«Бұл құбылысты Ресейдің барлық аумағында (солтүстік өңірлерден басқа), Украинада, Беларусь, Молдова, Балтық маңы, Кавказ және Орталық Азия елдерінде байқауға болады", – деп жазған «Астрономия» сайты.