Жоспарлы істер кезекте тұр
Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Науырзым ауданының әкімі Талғат Карбозов Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Науырзым ауданында әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсы. Үстіміздегі жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың ең негізгі көрсеткіштерінде ілгерілеу байқалады. Өнеркәсіп өнімнің физикалық көлемі 94,4 пайызды құрап, аудандағы өндірістік өнеркәсіп кәсіпорындары 261,6 млн теңгенің өнімін өндірген. Науырзым ауданында ауылшаруашылығы саласы ауданның стратегиялық маңызды бағыты болып табылады. Тоғыз ай ішіне 7,4 млрд теңгенің ауыл шараушылық өнімі өндірілген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ауылшараушылық өнімдерінің жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 59,5 % құрайды.
Ауданда мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізді, мал мен құстың саны айтарлықтай өскен.
–Келесі жылдан бастап шағын және кіші бизнестің субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салуға мораторий енгізілетін болады. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай ауданымызда тартылған қаражат есебінен әлеуметтік жобалар сомасы былтырғы жылы 39,3 млн теңге болса, биыл 47,2 млн теңгені құрады. Шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылы ауданда «Еңбек» бағдарламасы бойынша 100,0 млн теңге сомасына 25 жоба шағын несиелеу арқылы қолдау тапты. Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының 2-ші бағыты аясында республикалық бюджеттен біздің ауданымызға 116,6 млн теңге несие қаражаты қарастырылған. Ауданымызда экотуризмді дамыту үшін туристік мекемелер арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған. «Қазақстанның биоәралуандығын қорғау ассоциясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен келісім-шарт жасалды. Осы келісім-шарт шеңберінде «Дала саяхаты» бағдарламасы бойынша шетелдік туристерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді аудан әкімі Талған Карбозов.
«Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша ауданға келген барлық жас мамандарға жұмыс беріліп, баспаналы болды. Ауданның тұрғын-үй құрылысына, негізінде халықтың шаруашылық жапсаржай салуының есебінен 28,0 млн теңге инвестицияланды. Сондай-ақ, Раздольное ауылының сумен жабдықтау желілерінің және ғимараттарының құрылысы жоспарда тұр. Жалпы сметалық құны 382,0 млн теңге. Ағымдағы жылы облыс әкімінің қолдауымен аудан бойынша бірқатар жолдар жөндеуден өткен. Қарамеңді ауылдық округінің трасса бойы (34 км) 10-23 км жолы орта жөнделген. Шилі ауылының жолы 8,3 млн теңге көлемінде, Дәмді ауылының жолдары 1,6 млн теңгеге жөнделді.
–Ауылдарда тұрмыс сапасын арттыруға, жастарды ауылда ұстап қалуға мүмкіндігін беретін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын біздің ауданда да іске асыру жоспарда. Келесі жылы аудан орталығында инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша құжаттар өкілетті органдарға ұсынылды. Осы орайда айта кететін жай, жалпы сметалық құны 372,5млн теңгені құрайтын Қарамеңді ауылында жылу трассасы бар қазандық құрылысы жоспарда тұр. Сондай-ақ ауыліші жолдары 206,0 млн теңге көлемінде жөнделеді деп күтілуде, – деді аудан әкімі.