АЛАШТЫҢ МЫРЗАҒАЗЫСЫ
Қостанайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алаш арысы Мырзағазы Есболұлына арналған халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр. Шараға қайраткердің аталас туыстары, өңір зиялылары, елімізге белгілі ғалымдар қатысуда.
Мырзағазы Есболұлы – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың ең сенімді серігі. Алаш әскерін жасақтаушы, бітімгер, публицист, аудармашы. 1891 жылы Қостанай уезі Аманқарағай болысының №4 ауылында, қазіргі Лаврентьевка елді мекенінің маңында туған. 1938 жылы Ленинградта ату жазасына кесіледі.
Конференция барысында белгілі ғалымдар Тұрсын Жұртбай мен Сұлтанхан Аққұлұлы Қостанайдағы орталық көшелердің бірін М.Есболұлы есімімен атау керек деген ұсыныс айтты.
Ең алғаш «Алаштың Мырзағазысы» атты еңбек жазып, ақтаңдақ жылдар қалтарысында қалған қайраткер тұлғаның ғұмырнамасы мен мұрасын ғылыми айналымға енгізген алаштанушы-ғалым Дихан Қамзабекұлы конференцияға қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласынан дұғай сәлем жолдады.
Суреттер мен бейнені түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ