Науқан қорытындыланды
Қамысты ауданының «Алтынсарино» ЖШС базасында облыс диқандары егін шаруашылығына озық алдыңғы технологияларды енгізу және өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру мәселелері жайлы кеңесті.
Биыл өңір бойынша орташа өнімділік гектарына 7,6 центнерден келді. Мұндай жағдай өңірде көптен бері болмаған. Сондықтан, жағдай келесі жылы тағы қайталанбасы үшін диқандар мәселені күні бұрын талқылауға мүдделі. Айтуларынша, үстіміздегі жылы облыс бойынша 3 миллион тонна бидай бастырылған. Облыс бойынша орташа өнімділік 7,6 ц/г. Ал, егін шығымы әр ауданда әрқилы.
-Осы жылы солтүстік аудандарда құрғақшылық болған жоқ, сондықтан бидай шығымы онда орташа есеппен 10-15,5 ц/га болды, ал жекелеген шаруашылықтарда орташа өнімділік 15-25 ц/га дейін барады. Оңтүстік аудандарда 1,3 центнер, кейбір алқаптарға өздеріңіз білесіздер, тіпті кірген жоқпыз, себебі экономикалық тұрғыдан тиімсіз болды, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Сембай Сағындықов.