Салық рақымшылығына іліккіңіз келсе…

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VI "Қаржылық нарық, шағын қаржылық қызмет және салық салуды реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес (ары қарай – Заң), жеке тұлғаларға арналған салық рақымшылығын жүргізу қарастырылған.салық
Заңның 57-3-бабына сәйкес, салық төлеуші – 2018 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған берешек сомасы 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін салық берешегі болып танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелетін өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, осындай берешек сомасына бұл ретте өсімпұл борышы төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері, мұндай тұлғалардың салық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеменшік нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың немесе кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, дербес кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған адамдарға және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
Осыған байланысты, салық берешегі бар барлық азаматтарды есептелген өсімақы сомасын есептен шығару бойынша осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.
Салық берешегінің бар-жоғын ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша тексеруге болады: http://www.kgd.gov.kz "салық берешегінің болуы/болмауы туралы мәліметтер" бөлімі.
Сонымен қатар, Кaspi.kz және Еgov.kz қосымшаларында салықтар, соның ішінде жер салығы, мүлік және көлік салығы бойынша берешекті қарау бойынша сервис әзірленді. Ол үшін тек төлеушінің ЖСН-ін енгізу жеткілікті. Төлемді осы сервис арқылы да жүргізуге болады.
          Қандай да сауалдар туындаса, жергілікті салықтарға қатысты ақпараттар мен кеңестер алу үшін   Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады: 53-49-51, 59-66-06.
 
Қостанай облысы бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓