Облыстық Құран жарысы өтті

Ислам дінінің негізі, қайнар көзі – қасиетті Құран Кәрім екені белгілі. ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша мешіт шәкірттері арасында жыл сайын түрлі сайыстар ұйымдастырылып келеді.IMG_002
Қостанай облысы Қарабалық ауданында «Құран – сенің шапағатың» атты Ғашура ана мешітінің 10 жылдығына арналған облыстық деңгейде Құран жарысы өтті. Шараға Әділбек Рыскелдіұлы демушілік етті.
Аталмыш облыстық сайысқа алыс-жақын аймақтардан жалпы саны 50-ге жуық шәкірт келіп қатысты. Жарысқа «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт – Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Сағындықұлы қазылық етті.IMG_003
Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды ең жас шәкірт Бекболат Қайратұлы иеленді. Екінші орынды Абылай Хайрулла және үшінші Арқалықтан келген Абай Құланбаев жеңіп алды.
Екінші кезең бойынша Құранның жарты парасын жатқа оқудан бірінші орынды Архат Құлтай, екінші орын Жәнібек Қаржауов, ал үшінші орын Нұржан Айтбайға бұйырды.
Аталмыш жарыс жеңімпаздарына лайықты құрмет көрсетіліп, марапатталды.IMG_3466
Ал қалған қатысушыларына да Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Тәпсір тұнығы» атты кітабы мен ақшалай ынталандыру сыйлықтары таратылды. 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓