Құм ішіндегі ауыл (БЕЙНЕБАЯН)
Шеген ауылынан жиырма бес шақырымдай қашықта «Тосын» деп аталатын құмайт жер бар. Оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай, Торғай өзенін бойлай алпыс алты шақырымға созылып жатқан бұйрат құмның ені жиырма шақырымнан асады. Тосын – қадірін білген жанға жер жәннаты сияқты, бағзыда бабалар айтатын нағыз әруақ қонып, нар шөккен жер.
Кешегі кеңес үкіметі тұсында бұл арада қоңсылас қонған Торғай, ХХІ партсъезд атындағы кеңшарларының малшылары отырды. Шаруашылықтар тарап, бөлімшелер бөлініске ұшырағанымен, мұнда қазір де бір қауым ел отыр. Ана бір кезде ел жаққа барғанда Тосынның бір етегін жайлаған Қарғалы елді мекеніне әріптестеріміздің жолы түсті. Ол туралы көлемді мақала жазылғаны да оқырман есінде болар. Бүгін фототілшіміздің кадрына іліккен мына бір бейнебаянды сіздермен бөлісуді жөн таныдық.