Сарыкөлде «Қостанай таңы» газетінің күндері өтті

Сары бидайға бай Сарыкөл төрінде «Қостанай таңы» газетінің күндері өтіп жатыр. Облыстық «Қостанай таңы» газетінің Директор-Бас редакторы Жанұзақ Аязбеков бастаған бір топ журналистер және елімізге танымал ақын Серікбай Оспанов та қатысуда.
IMG_8995 007 ктАталмыш басқосуға IMG_9055 009 ктаудан әкімінің орынбасары Е.Н.Тұрабеков қатысып, газет жайында жылы лебізін білдірді.  
Газет ұжымы ауданымызда «Жанашырлар клубын» құрмақ, олардың қатарында аудан әкімі Эльдар Күзенбаев, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, "Ақкиік" ЖШС-нің директоры Амангелді Жалғасов, Соналы ауылының құрметті азаматы, зейнеткер Қаду Сақауов, Сарыкөл  орта мектебінің директоры Ерлан Сманов және Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі директорының  тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Роза Идирисовалар бар. IMG_9120 010 ктIMG_9106 008 ктГазеттің жанашырлары алдағы уақытта редакция ұжымымен тығыз байланыс орнатып, газеттің таралуына жол ашатын болады. Ал ауданнан Мәдина Валиева, Алтынай Беркімбаева, Айсана Әбдіназарова сынды оқушылар газет тарапынан  «Жас тілшілер» деген арнайы куәліктермен марапатталмақ. .
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓