Алтынсарин ауданында оқырмандармен жүздесу өтті
Қалың оқырман қауымға алдын-ала хабарлағанымыздай, «Қостанай таңы» газетінің облыстағы күндері өз жалғасын табуда.
Газетіміздің Бас редакторы Жанұзақ Аязбекұлы бастаған бір топ журналистер сапарларын киелі топырақ, Қостанайдың інжу –маржаны саналған Алтынсарин ауданында жалғастырып, оқырмандармен жүздесуде. Аудан орталығындағы мәдениет үйіне газеттің байырғы оқырмандары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті билік өкілдері жиналды. Осы арада ақ жарма тілектер мен парасатты ойлар ортаға тасталуда. "Қостанай таңының" осы аудандағы күндері туарлы толық ақпаратты газетіміздің алдыңғы санынан оқи аласыздар.
Мешіт Ғазиз
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков