“ӘМІРЕ” ақырғы айналымда

«Славян базары» әлемдік ән байқауында Қазақстанның намысын қорғап жатқан жас әнші, дарынды жерлесіміз финалға өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 20180714094738

«Бірінші күннің қорытындысы бойынша, конкустан 6 ел, атап айтқанда Мексика, Греция, Босния мен Герцеговина, Әзербайжан, Гвинея, Египет мемлекетінің өкілдері шығып қалды. Қазақстан ары қарай өтті»,- деп жазады әншінің продюсері Жанна Мұханова өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

 Біз бұған дейін Беларусьтің Витебск қаласында өтетін «Славян базары» халықаралық байқауда Қазақстан намысын «Әміре» атымен белгілі – Ернар Садырбаев қорғайтындығы туралы жазған болатынбыз.  Аталған фестивальде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен әнші Димаш Құдайберген төрелік жасауда. 

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 2015 жылы Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән фестивалінде бас жүлдені иеленген болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓