Ел ықыласы – егін үстінде

Облыс әкімі Нұралы Садуақасов аппарат мәжілісінде күн тәртібінде тұрған үш бірдей мәселеге қатысты келелі кеңес өткізді. Алдымен күзгі егін орағы баяндалды. Бұл  жайында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы  Байбосын  Мурзин     жазғы жауын-шашынның салдарынан туындаған бірқатар мәселелерді тілге тиек етті.
егінАудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің дерегіне сүйенген басқарма басшысы жаздық бидай 4 млн. 793 мың га егіліп, 2013 жылға қарағанда 63 га жерге көбейгенін айтса, дәнді астықтың көлемі былтырға қарағанда біраз азайғанын алға тартады.
Сондай-ақ, нөсерлеп жауған толассыз жаңбырдың әсерінен Аманкелді, Жанкелдин, Жітіқара, Қамысты және Науырзым аудандарының егістік алқаптары зардап шеккенін де әңгімелеп берді. Әншейінде, 12 мм-ден 31 мм-ге жауатын жауын ортажылдық көрсеткіштің есебімен 20%-дан 49%-ға артық жауған екен. Осы төңіректегі әңгімені Нұралы Садуақасов одан әрі өрбітті.
– Биылғы жауын-шашын тек бізге ғана емес, еліміздің бірқатар солтүстік өңірлеріне, тіпті, Ресейдің бізбен шекаралас аудандарына кері әсерін тигізді. Қыры қыруар, сыры қиын шаруа болғалы тұр. Бірақ ауызды қу шөппен сүртуге тағы болмайды. Қам-қарекет жасау керек. Қамбаға мол астық құйыла ма, жоқ па, оны уақыт өзі көрсетеді. Бізге демек, тез арада кемшіліктің алдын алу қажет, – деп өңір басшысы  бірқатар шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Байбосын Мурзин бұл мәселені дер кезінде  диқандар  атқарып  жатқандығын баяндады.
Бұдан әрі аппарат мәжілісінде екінші мәселе – күні кеше ғана жалауы желбіреген облыстық "Тың – 2014 жазғы спартакиадасының" қорытындысы сөз болды. Содан кейін үшінші мәселе – алдағы уақыттарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына сайлау науқанының барысы қаралды.
Нұрболат
          МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓