Түйткіл шешімі – тұрғын үй

«Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде облыс әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін қарады. Қабылдауға он шақты адам жазылған. Оларды толғандырған ең басты түйткіл – тұрғын үй мәселесі.
Құралай Алдабаева – Арқалық қаласының тұрғыны. Өңір әкімінің қабылдауына арнайы келген. Оны мазалаған да осы баспана жайы. Кейуана 2019 жылдың мамыр айында сол кездегі қала әкімі Эльдар Еүзенбаевтың қабылдауында болып, баспана кезегіне тұрған. Кейін оның атында 1 бөлмелі пәтер болғандықтан, кезектен алып тасталған. Көп балалы ана енді заң бойынша кезекке тұра алмайды. Облыс әкімі бұл мәселені мұқият таразылап, Арқалық қаласының әкіміне тиісті тапсырма жүктеді.
464134038_191531
– Біз заңнан асып кете алмаймыз. Сіздің атыңызда тұрғын үй бар. Сондықтан кезекке қоюға болмайды. Алайда, орныңызға 18 жастағы немереңізді тұрғызамыз. Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішев бұл мәселені жеке бақылауына алып, кейін маған мән-жайды түсіндіріп береді, – деді өңір басшысы.
Қоғамдық қабылдауға келген Дана Жуанышева да тұрғын үй жайын айтты. Ол Жітіқара қаласында 2015-ші жылдан бері үй кезегінде тұр. Жалғызбасты ана ретінде тіркелген. Баспана үшін кезек нөмірі – 240. Ол денсаулық жағдайына байланысты уақытша жұмыс істемейді. Архимед Мұхамбетов Жітіқара қаласының әкіміне қоңырау шалып, қоғамдық қабылдауға келген тұрғынның мәселесін шешіп беруді тапсырды. Сонымен қатар, денсаулығы дұрысталғанша, уақытша тұратын баспана тауып беруді тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓