Полиция дауысы
Қостанай полицейлері Петропавл қаласында өткен «Әр жүректе – туған жер» республикалық арт фестивалінде үздік атанды. Тәртіп сақшыларының квартеті патриоттық тақырыпта попурри орындады.
Квартет құрамында Қамысты аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкері, полиция сержанты Ерлік Сұрағанов та бар. Ол өзінің әншілік қабілеті туралы айтып берді.
– Мен мектепте ән айта бастадым. Мен әнші болмасам да бұл өнер маған полиция қызметінде пайдалы болды. Мен қызметке келгенімде Қарағанды қаласында өткен аймақтық конкурсқа қатысу үшін топ құрамына іріктеуден өттім, – дейді Е. Сұрағанов.
Квартеттің басқа қатысушысы – Қостанай ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Аманат Кәкімжанов 2015 жылы ІІМ-де өткен республикалық патриоттық ән байқауына іріктеу үшін облыстық конкурсқа қатысқан. Онда ол «Туған жер» әнін орындап, жеңімпаз атанған болатын. Содан кейін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертте өнер көрсетті. Биыл тағы да облыстық арт фестиваліне қатысып, жеңімпаз болды.
Ал, Оңтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы капитан Ержан Әуезбеков полицияға дейін облыстық филармонияда жұмыс істеген. Ол музыкалық-педагогикалық білім алған. Ән айтудан бөлек, домбыра, гитара сынды аспаптарда ойнайды.
Келесі қатысушы – Әулиекөл ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты бөлмшесінің аға инспекторы капитан Динара Шакеева.
– Байқау өте ауқымды түрде өтті, біз ең күрделі бағытты таңдадық – квартет. Командалық жұмыс пен дирижер Татьяна Ивлева құрған хордың әдемі үйлесімінің арқасында біз аймақтық және республикалық конкурста бірінші орынға ие болдық. Орыс және қазақ тілдерінде алты әннен попурри орындадық. Мұнда Абай әндері, Отан туралы патриоттық әндер шырқалды,-дейді ол.
Байқауға еліміздің барлық облыстарынан 20-дан астам команда қатысты.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
1 Response