ЖҮЗ ІШІНДЕГІ ЖАЛҒЫЗ
Иә, сүйінші, ағайын! Қостанайлық жас домбырашылар халықаралық «Жаңа жұлдыз» байқауынан бас жүлдемен оралды. 100-ден аса домбырашы қатысқан сайысқа Қостанай облысының атынан қалалық балалар шығармашылық мектебінің өнерпаздары барған-ды. Олардың өнерін «Шабыт» өнер академиясының үйретушілері, танымал күйшілер бағалады.




– Қазір домбыраны эстарадамен қосып ойнап жүр. Мен оған да қарсы емеспін. Бірақ, күй эстрадаға қосылғанда өзінің туа біткен тарихи, қазақи дыбысын жоғалтады. Өкінішке қарай, сұранысқа көбірек ие болып тұрғаны осы күйлер. Жұртқа дүңкілдеп тұрса болды. Бұл жақсы емес. Біз жас күйшілерге басқаша үйреткіміз келеді. Күй таза, табиғи болуы тиіс. «Жаңа жұлдыз» сияқты байқаулар оқушыларға күйдің құдіретіне одан әрі тереңдеуге септігін тигізеді, – деді.
Алдияр Сүйіндіков домбыра үйірмесіне былтырдан бері барады. Ата-анасы Данияр мен Гүлнар да баласының қадамын әрі қарай қолдамақ. Бұйырса, Алдиярды өнер мектебіне жібермекші. Олардың айтуынша, жас ұрпақ күй арқылы салт-дәстүр, тіл мен ділден айырылмайды.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков