Қостанайлық полицейлер ант қабылдады

Қостанайда облыстық полиция департаментінің 12 жас қызметкері ант қабылдады. Бұл күні тәртіп сақшылары Отанға және қызметке адал болуға ант берді. Сондай-ақ баларынн лайықты тәрбиелегені үшін олардың ата-аналары да марапатталды.0mxGSt1XKhw
Набережный көшесіндегі алаңда Қостанай гарнизонының жеке құрамының дәстүрлі саптық жиналысы өтті. Қонақтар ретінде ауқымды іс-шараға Ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметінде көзге түскен қызметкерлердің ата-аналар шақырылды.SAM_8414 — копия (5)
Салтанатты шарада жас қызметкерлер ант қабылдап, олардың ата-аналары да құрметке бөленді. Бұдан соң Қостанай облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нығмет Исмагулов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, ата-аналарға ұлдарын лайықты тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Жас қызметкерлердің ата-аналарына ҚР ІІМ логотипі бар сағаттар мен грамоталар табыс етілді.SAM_8409
Жас полиция қызметкерінің анасы Батыржан Бисембин Гүлжан Ердәулетова қуанышымен бөлісті:
-Бұл біз үшін өте маңызды оқиға. Ұлым Батыржан өз қызметін патрульдік полицияда бастаған, ал енді ант қабылдап, отанға қызмет етпек. Ол Ұлттық гвардияда әскери борышын өтеп, екі аптадан кейін полицияға жұмысқа тұрды. Бала күнінен полицияда жұмыс істеуді армандаған еді. Өз арманынан бас тартқан жоқ. Оны мақтан тұтамыз, себебі енді ол қаланың тыныштығын күзетеді, – деді Б.Бисембинаның анасы.0mxGSt1XKhw — копия
Ал, Ескендір Айтуаров әкесінің ізін жалғап, полиция қатарына келген:
– Менің әкем полиция майоры, қазір ол зейнетте. Мен бала кезімнен бұл істі біреу жалғастыру керек деп ойладым. Бұл менің борышым, ата қанымен берілген кәсіп деп айтуға болады. Жұмыс қолайлы. Бізге пәтер мәселесінде де көмектеседі. Өз мамандығымды беделді деп санаймын, сондықтан ант маған өте көп, – деп атап өтті Ескендір.
Бұл күні облыс полицейлері қысқы киімге көшті. Саптық байқауда басшылық нысанды киім-кешектің жай-күйін, қызметтік куәліктер мен арнайы жетондардың сәйкестігін, сондай-ақ барлық қызметтердің қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі қызметті атқаруға дайындығын тексерді.
Сондай-ақ барлық арнайы техникалардың дайындығы тексерілді.
Байқау соңында әрбір лекті алаң бойынша дәстүрлі маршпен өтіп, саптық дайындықты көрсетті.
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓