Мүгедек арбасын сыйлады
"Nur Otan" партиясының облыстық филиалы өкілдері "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Мұратовтар отбасына барып, олардың 6 жасар баласына мүгедектерге арналған арба сыйлады.
"Жақында "Nur Otan партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына Қостанай қаласының тұрғыны Әйгерім Мұратова келіп, 6 жасар мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп жатқандығын айтып, мұңымен бөлісіп, мәселенің мән-жайын баяндап берген болатын. Ұлдары – туғанынан мүгедек, диагнозы – жұлын жарығы (гидроцефалия). Толыққанды сапалы өмір сүру үшін заманауи мүгедектерге арналған арбаша керектігін айтқан еді. Бүгін Мұратовтар отбасы көптен күткен арбашаға қол жеткізді", – деп жазды филиал төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында.