Командада – жаңа бапкер
"Тобыл" футбол командасының тізгінін сербиялық маман Милич Чурчич ұстайтын болды.

Айта кетейік, бүгін "Тобыл" футбол клубы оқу-жаттығу жиынын бастайды. Дайындықтың тұсаукесері "Тобыл арена" кешенінде осы айдың 24-не дейін жалғасады. Бұл жолы футболшылар функционалдық дайындықтарын пысықтайды. Жаңадан келген бас бапкердің қызметіне жеміс тілейміз!
Дереккөз: fctobol