Әрекет те, берекет те бар

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Алтынсарин ауданына барды. Іссапар барысында "Зуев" ЖШС-нің егін алқабына ат шалдырды. Серіктестік директоры Александр Бородин өңір басшысын шығымның қазіргі қалпы мен алдағы орақ науқанына даярлық туралы айтты.IMG_4725
-Соңғы аптада 100 мм жауын-шашын түсті. Бұл, әрине, оң әсер бермейді. Биылғы егін ору науқаны да оңай болмайтын тәрізді. Біз, не де болса, алдын ала қиындыққа икемделе беруіміз керек. Ал, жалпы, биылғы шығым айтарлықтай бітік. Қазір шешектену кезеңі басталды. Егер күн қабағы ашылып, ауа райы қолай тудырса, 15 күннен соң-ақ орақ салуға кірісуге болады,-дейді А.Бородин. Диқан науқаннан жақсы нәтиже күтеді. Гектарына 25-30 центнер өнім алуға үмітті. Облыс әкімі шаруаға сәттілік тіледі.
Мұнан соң А.Мұхамбетов Зуев орта мектебіне бас сұқты. Таяуда ғана әрлеу жұмысы жасалғаны байқалады. Сырдың иісі аңқып тұр. Мектеп ұжымы өңір басшысын мекеменің әрленген әр бұрышымен таныстырды. 2,5 млн. теңгеге жылу қазандығы алмастырылған. 2 жыл бұрын барлық терезелер жаңадан салыныпты. Материалдық базасы да талапқа сәйкес. Ұжым А.Бородин бастаған жанашыр кәсіпкерлерге алғыс айтып отыр. Дегенмен, облыс әкімі мектеп басшылығына мін артты:IMG_4784
– Мұқтаждық жоқ екеніне көз жетті. Дегенмен, мәселе – білім сапасына қатысты. ҰБТ-дан ең жоғарғы көрсеткіштеріңіз 70 балл екен. Бұл аса көңіл көншітпейді. Сапаға мықтап ден қою керек. Жалпы, облыстың биылғы нәтижесі жаман емес екенін білетін боларсыздар. Былтыр ҰБТ-дан 9-орында болсақ, биыл алғашқы төрттіктен көріндік. Айтарым, жақсы көрсеткішке әр мектеп жауапты,-деді А.Мұхамбетов.
Щербаков ауылында таяуда ғана Ы.Алтынсарин атындағы мәдениет және демалыс саябағы ашылған еді. Елді мекеннің көркін аша түскен алаң сонадайдан көз тартады. Кіреберіске орантылған ескерткіште Ұлы ағартушының балаларға сабақ беру сәті бейнеленген. Мүсіндер материалы – шыны пластиктен. IMG_4830Оң қапталдан кірпішпен өрілген сахна  менмұндалайды. Ал ең төрде субұрқақ атқылап тұр. Саябақ құрылысына 50 млн. теңге жұмсалған. Өңір басшысы жақсы бағасын берді. Тек Ы.Алтынсарин ескерткішінің шағын да болса қоршауға алынғаны жөн деген пікірін айтты.IMG_4826
А.Мұхамбетов мұнан соң "Жайлау" емдеу-сауықтыру орнына барды. Бұл бүгіндері тұтас елге танымал болған. Ақтөбе, Ақтау, Алматы сынды көптеген шалғай облыстардан келіп демалып жатқан адамдар саны көп. Бірден 200 адамға дейін қабылдай алатын демалыс нысаны шынымен де көз тартып, көңіл құлатады. Облыс әкімін "Жайлау" басшылығы емдеу-сауықтыру орнының бүге-шүгесіне дейін таныстырды. IMG_4929
Толығырақ – газеттің алдағы сандарында.
 
Жандос Жүсіпбек.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.
   
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓