Жұрт полицияға сене ме?

Бұл сұрақтың жауабын Қостанай облысы Полиция департаменті әлеуметтік желілерде жүргізген сауалнама арқылы білді. Барлық сұрақтарға ВКонтакте желісіндегі интернет пайдаланушылары жауап берді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.мент
Сауалнамаға облыстың 196 тұрғыны қатысқан, олардың 86% – ы 35 жасқа дейінгі азаматтар.
– Бұл өте заңды, өйткені "ВКонтакте" желісі Қазақстандағы ең танымал желі және негізінен оны жастар қолданады, – "Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қорының директоры Диана Окремова.
Ол сондай-ақ, мұндай сауалнамалар нақты әлеуметтік нәтижелер бермесе де, олар жалпы үрдісті көруге және өзекті мәселелер бойынша жұртшылықтың пікірін білуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сауалнама сұрақтары мынадай: "Сіз реформалар полиция жұмысын жақсартады деп сенесіз бе?" – 140 интернет-пайдаланушы жауап берген. Оны 55% – "ИӘ".72457416_2341235742858631_8174338085966839808_n
"Полицияға көмектесуге дайынсыз ба?" деген сұраққа қатысушылардың 91,3% оң жауап берген.72438037_2341235679525304_5172863610644332544_n
Бұл үрдісті Қостанай облысы Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов те ерекше атап өтті. Фейсбуктегі парақшасында полицияға 500-ден астам азамат көмек көрсететінін жазған. Жыл басынан бері олар 12 қылмыс пен 400 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны үшін 110 полиция көмекшісі марапатталып отыр.
"Полиция ашық жұмыс істей бастады ма?" деген сұраққа пайдаланушылардың 64% – ы жағымды жауап беріпті.
"Полиция Халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшті ме?" деген сауалға 59,6% "ИӘ" дейді. "Жоқ" -26,6%, 13,7% нақты жауап беруге қиналған.
"Полиция фронт–кеңселерінің жұмысы туралы сіз білесіздер ме?" деген сұраққа елу пайызы білетіні туралы жазған.72575091_2341235739525298_8681203815271104512_n
Сауалнама нәтижесіне сәйкес 75,5% пайдаланушы өздері тұратын жерде қауіпсіз сезінеді. Бұны көшелерде және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар статистикасы да растайды, ол тиісінше 25,7% – ға және 23,4% – ға төмендеді. Азаматтардың 66,3% полицияға сенеді.
Осындай сауалдар облыс полициясында тұрақты түрде әртүрлі әлеуметтік желілерде өткізіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓