Елбасы жолындағы Абай ұлағаты

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы жарияланды.
аманкелдіКез-келген бір қоғамдық құбылыстың мазмұнын жан-жақты қарастырудың бірден бір әдісі – оның тарихи жолын зерделеу. Тарихи тағылымдарын дәйектілікпен електеп, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға басуы мүмкін емес.
Сондықтан Елбасы өз мақаласында «Абай Құнанбайұлы тұлғасы да – сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір» – дей келе көpнекті гуманиcт және ойшыл Абай Құнанбайұлының өмір жолын, оның әлеуметтік идеялаpға толы шығаpмашылығын саралайды. Өйткені Абайдың шығаpмашылық мұpалаpы қазақ халқының қоғамдық-cаяcи өміpінің ең өткіp пpоблемалаpын қамтыған өлең, дастандардан, прозадан тұрады. Сонымен қатар «ұлы ақынның сөздері бесік тербеген әлдимен бірге құлаққа сіңді десем, асыра айтқандық бола қоймас» – деп, Елбасы Абай әлеміне апаратын жолдың бастауы және ұлы ойшылдың қағидалары оның басты өмірлік ұстанымдарына айналғандығын айқындайды.
Сонымен қатар мақалада Елбасы Абай Құнанбайұлының мерейтойына қатысты атқарылған бірқатар жұмыстарға да тоқталған: «Абайдың ойы мен сөзін күллі әлемдік ауқымда мойындату мәселесін Кеңестер Одағы әлі тарамай тұрып, 1990 жылы халықаралық деңгейде көтерген едік. Бірақ ол кезде бізге құлақ аспады. Әрине, алдымыздан шыққан басты кедергі – Қазақстанның дербес мемлекет еместігі еді. Сондықтан асқақ тілегіміз егемендік алғаннан соң ғана қабыл болды».
Иә, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНЕСКО бағдарламасы аясында өткізілген болатын. «Және бір айта кететін нәрсе, осы арада биік мәртебелі халықаралық ұйым тарапынан тұрақты тәртіпке айналған бір шарттылық бұзылды. Өйткені бұрын тек 200, 300, 500  секілді соңы бірнеше нөлмен аяқталатын сандарға сәйкес келетін мерейтойлар ғана тізімге ілінетін. Жас мемлекет үшін халықаралық ұйым тарапынан мұндай қолдау көрсетілуі  ұмытылмасы анық».
Ал биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  10 тамыз Абай күні болып белгіленді.
«ХХ ғасырдың екінші онжылдығында, дәлірек айтқанда,  1913 жылы ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» дей келе, соған қарамастан Абайдың есімін тек Семей мен Ақмола облыстарының қазақтары ғана білетінін, ал дүниеден қайтқан соң жарық көрген жалғыз кітабы ел ішіне кеңінен таралмай жатқаны туралы қынжыла жазған еді. Қарап отырсақ, содан бергі бір ғасырдың көлемінде бірте-бірте ұлы ақынның даңқы жер жүзіне әйгілі болатындай деңгейге жетіппіз. Ол – алдымен, әлбетте, Абайдың теңдессіз кемеңгерлігінің, содан соң тәуелсіз мемлекеттігіміздің  арқасы» деп орынды айтқан. Мақаланың айтар ойы өте көп.
Амангелді Шөрентаев,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік
университетінің аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓