Орылған астық – 665 мың тонна
Облыста күзгі жиын-терім жұмыстары бітуге жақын қалды. Бүгінге дейін 665 мың тонна астық бастырылды. Соңғы ақпаратқ бойынша, 5 аудан орақ науқанын аяқтаған."Олардың қатарында Қарасу, Ұзынкөл және тағы үш аудан бар. Оңтүстіктегі өнімділік теріскейдегі өңірлерге қарағанда төмен. Гектарына 2 мен 3,5 центнер айналасында. Атап айтқанда, Б.Майлин ауданындағы орташа шығым – гектарына 4 центнер, Жангелдинде – 3, Науырзымда – шамамен 2 центнер", – дейді облыстақ Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім жетекшісі Есімжан Баймақанов.
Солтүстік аймақтардағы көрсеткіш – гектарына 10 мен 13,5 центнерден келеді. Ал бидай сапасына келер болсақ, оған жауын-шашынның кері әсері тиді. Салдарынан астықтың жартысына жуығы 5 класқа бағаланып отыр және оны жем-шөп ретінде ғана пайдалануға болады.
Қамбаға құйылған 665 мың тонна астықтың 475 мың тоннасы – бидай. Биыл оның құны көтерілді. Тоннасы 70-85 мың теңгеге бағаланып отыр.
Мұның сыртында, өңірде 1 млн тоннадан астам шөп орылды. Мамандар бұл мөлшер қыс кезеңіне толық жетуі тиіс деп сендіріп отыр.