Аялдай тұр, автобус…

Қостанайда жолаушылар көлігін ауқымды тексеру басталды. Үш сағат ішінде полицейлер алты заң бұзушылықты анықтады.72740378_2336689333313272_8731663788303974400_n
Тексеру, ең алдымен, автобустардың техникалық жай-күйіне, сондай-ақ ластаушы заттар құрамының нормативтен асып кету фактілерін анықтауға қатысты болады. Полицейлер БАҚ өкілдерімен және экологтармен бірге "Автобус" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылған арнайы рейдке қатысты. Акция 17 қазанға дейін жалғасады.
Қостанай қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі подполковник Болат Қабылдин жыл басынан бері облыс орталығында автобус жүргізушілерінің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алғанын айтты.
Оның ішінде жүргізушілердің кінәсінен 3 ЖКО тіркелген. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 296 жол қозғалысы ережесін бұзуы анықталды, оның ішінде 77 жол қозғалысы кезінде ұялы телефон арқылы сөйлескені үшін бұзушылық анықталды.
Айтпақшы, қостанайлықтар жолдарда тәртіп орнату процесіне белсенді түрде қатысуда. ЖҚЕ бұзушылықтары туралы хабарламалар әлеуметтік желілер арқылы түседі. Мұндай 80-нен астам фотодерек полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтің блогына және әлеуметтік парақшасына жіберілді. Барлық өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданды.72720504_2336689169979955_5013654657654849536_n
Қостанай облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік инспекторы Сергей Мукашев атап өткендей, азот диоксиді, көміртек диоксиді, қорғасын сынды заттар ауаны ластайды. Атмосфераға шығарынды нормаларын арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. "Автобус" жедел алдын алу шарасының бірінші күні экологтар отыздан астам автобусты тексерді.
Тексеру барысында жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзуға, техникалық құралдарды басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану ережелерін бұзуға қатысты алты әкімшілік бұзушылық анықталды.
 
Қостанай облысы ДП баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓